Жаңалықтар

Ұлытау облысында 102 шақырым су желілері жаңадан тартылды

Қазіргі таңда өңірдің қалалары тұрғындарына ауыз су 100% , ал ауылды елдімекендерге тіршілік нәрі 99,9% қолжетімді.

Облыс орталығы – Жезқазған қаласын жер асты таза ауыз суымен қамтамасыз ету жобасы бүгінгі таңда 30%-ға аяқталған. Атап айтқанда «Үйтас Айдос» жерасты су көзінен тіршілік нәрін жеткізу үшін құбырлар толықтай жаңадан салынды. Оның ұзындығы 51 шақырымды құрайды.

Одан бөлек, жалпы құны 61 миллиардқа жуық қаражатқа 14 жоба атқарылуда. Оның нәтижесінде 330 шақырым су желілерін жаңғырту, жаңадан құбыр салу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған бастама 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен толық аяқталуы тиіс.

2025 жылы 818,9 шқ.,электр желілері мен 272 бірлік электр жабдықтарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,8 млрд теңгеге жұмыстар монополист кәсіпорындардың бекітілген инвестициялық жобалары арқылы іске асырылды.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдан бері «Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу» жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып 46,2 км электр желілері тартылды, 1500-ге жуық жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.

Биыл бұл бағдарлама аясында 4 жобаға
2,9 млрд теңге бөлініп, Жаңаарқа ауданында 271 км электр желілері, 5 927 баған және 13 қосалқы станциялар ауыстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button