Жаңалықтар

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі қазір өңір бойынша 9,1% құрайды.

Жалпы өңірде сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстары облыстың Жезқазған қаласы, Атасу кенті, Кеңгір ауылы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы және Жезді кентінде қарқын алған.

Жаңаарқа ауданында газ тарату желілері құрылысының жобасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті. Нәтижесінде 188 шақырым желі тартылады. 2027 жылға дейін Атасу кентінің 4500 үйі газбен қамтылады.

Кеңгір ауылына көгілдір отынның желілерін тарту жұмыстары 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Осылайша аталған елдімекеннің 500-ге жуық баспанасы мен 7 әлеуметтік нысан гаға қосылады.

.Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жалпы ұзындығы 226 шақырым желілер тартылып жатса, Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2030 жылға дейін облыстың барлық қала-ауданына көгілдір жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілері тартылып, 2нысан газға қосылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button