Қоғам
Trending

Ұлытау облысында инвестициялар арқылы қауіпсіздік инфрақұрылымы нығайып, өңірдің әлеуеті артуда

Жезқазғанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа авиациялық-құтқару отряды пайдалануға берілді. Отряд тәулік бойы ұшуға дайын тұру үшін Ми-8 тікұшағы және жеке ангармен қамтамасыз етілген. Базасы – қала әуежайында орналасқан.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев қатысты. Анғар «Қазақмыс корпорациясы» қаражаты есебінен салынды, бұл өңірге бағытталған инвестициялық қолдаудың нақты мысалы болып табылады.

Жаңа авиациялық инфрақұрылым тек жеке нысан ретінде емес, бүкіл Ұлытау облысының төтенше жағдайларға дайындығын арттыратын стратегиялық маңызды инвестиция болып табылады. Бұл жобалар өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік тұрақтылыққа, сондай-ақ экономикалық сенімділікке ықпал етеді.

Ауылдық және қалалық аудандарда осындай инфрақұрылымның дамуы жұмыс орындарын құруға, жергілікті кадрларды даярлауға және өңір экономикасына тұрақты инвестициялық ағындарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, авиациялық-құтқару отряды мен заманауи ангар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады, Ұлытау облысын қауіпсіздік пен инфрақұрылымдық даму жағынан үлгіге айналдырады.

Жыл соңына дейін облыстың басқа қалалары мен кенттерінде жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылып, өңірдің қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейтіледі. Бұл шаралар Ұлытау облысының экономикалық дамуына, инвестициялық мүмкіндіктерінің артуына және тұрғындардың сенімді өмір сүруіне тікелей ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button