Жаңалықтар

Петропавл мектебіндегі оқиға: оқушы пневматикалық тапанша алып келген

Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушының қатысуымен оқиға тіркелді. Оқушы оқу орнына пневматикалық тапанша алып келіп, бір рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қару тәркіленді. Аталған тапанша атыс қаруы санатына жатпайды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның заңды өкілі де баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша білім беру органдарына ұсыныс енгізілді. Тексеру аяқталған соң білім беру ұйымы қызметкерлері мен мектепті күзеткен күзет қызметі өкілдерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button