Жаңалықтар

Астанада медиаторлар Конституцияның жаңартылған жобасын қарастырды

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Басқосуға Кеңес құрамындағы мүшелермен қатар, уәкілетті органға қарасты медиаторлар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасы талқыланды. Қатысушылар құжаттағы өзгерістер қоғамның өзекті қажеттіліктеріне сай келетінін және елдің тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен бірге медиаторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесі кеңінен сөз болды. Жаңа талаптарға сәйкес, оқыту қызметін жүзеге асыру құқығы тек Үйлестіру кеңесі бекіткен оқу бағдарламалары бар ұйымдарға ғана беріледі.

Отырыс барысында 11 медиатор ұйымының білім беру бағдарламалары мақұлданды. Олардың қатарында Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық медиация орталығы, Альянс Успеха, Парасат, Pactum, Tatulas, ҚР Медиаторлар қауымдастығы, Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы, Адам және құқық және International bureau of mediation бар.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық референдум комиссиясы республикалық деңгейде оқыту семинарын өткізген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button