Жаңалықтар
“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін” жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңіріндегі кездесулері жүйелі түрде жалғасуда.

Бүгін Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы және мәдениет үйінің қызметкерлерімен коалиция мүшелері кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі баптары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді.
Конституциядағы әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өңірлердің дамуына қатысты жаңа тетіктер туралы айтылып, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.



