Жаңалықтар
2026 жылы 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті.

Бұл игі бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы шеңберінде жүзеге асырылып, еліміз бойынша кең қолдау тапты.
Акция барысында барлық өңірлерде тарихи-мәдени нысандарды тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері белсенді атсалысты. Бірліктің арқасында аулалар тазарып, айнала ажарланып, қаламыз жаңа кейіпке енді.
Әр сенбі сайын 30 мамырға дейін жалғасқан сенбіліктер ортақ іске жұмылудың, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды. Тазалық – баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара сәтті өтті.



