(Қазақша) ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген шектеулер мен құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Онымен қоса, кадрлық рәсімдердің ашық әрі әділ жүргізілуін қамтамасыз ету, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және қызмет барысында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Жиын барысында мемлекеттік қызмет жүйесінде тиімді кадрлық саясатты жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, кәсіби әдеп нормаларын нығайту және қызметтік тәртіпті жетілдіру бағытында пікір алмасу өтті.
Жиын соңында қатысушылар мемлекеттік қызметтегі талаптар мен шектеулер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша сауалдарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.



