banner
Жаңалықтар

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік ең алдымен заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуына байланысты. Әр азамат заң талаптарын орындап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптасады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әркім заң мен тәртіпті сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзу, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту және тыныштықты бұзу үшін жауапкершілік көзделген.

 

Заңға бағыну – тек міндет қана емес, бұл әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Қоғамдық орындарда мәдениеттілік таныту, өзара сыйластықты сақтау және құқықтық нормаларды орындау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізгі шарттары.

 

Есіңізде болсын: заң мен тәртіп сақталған жерде тыныштық, тұрақтылық және даму болады. Қауіпсіз қоғам – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

 

#ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізҚоғам #ҚұқықтықМәдениет

Басқа жаңалықтар

Back to top button