«Саша» шаруа қожалығы: 100 гектардан 1090 гектарға дейін

ШҚО-да егін жинау – 2026: дала жұмыстары қызу жүріп жатыр
Алтай ауданынның Парыгино ауылдық округінде егін жинау науқаны қызу қарқынмен жалғасуда. Биылғы егін жинау науқанына «Саша» шаруа қожалығының еңбеккерлері де белсене қатысып, маусымдық жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруда.
«Саша» шаруа қожалығы 1997 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Ал 2001 жылдан бастап өз қызметін ресми түрде жүргізуде.
Шаруашылық өз жұмысын небәрі 100 гектар жерден бастап, бүгінде 1090,2 гектар ауыл шаруашылығы алқабын игеріп отыр. Бұл – жылдар бойғы қажырлы еңбектің, мол тәжірибенің және ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі. Қазіргі таңда шаруашылық еңбеккерлері үшін жылдың ең қарбалас әрі жауапты кезеңдерінің бірі. Сұлы жинау жұмыстары толық аяқталды.
Бүгінде бидай алқаптарының 35 пайызы жиналып үлгерді. Бидай ору жұмыстары аяқталғаннан кейін шаруашылық ұжымы рапс жинауға кіріседі. Шаруашылықтың тұрақты дамуы мен жұмысының нәтижелі болуының басты негізі – еңбеккерлердің өз ісіне деген жауапкершілігі мен адалдығы. Науқан кезінде әр маман өз міндетін сапалы орындап, техниканың тиімді жұмыс істеуіне және егінді уақытылы жинап алуға бар күш-жігерін салуда.
Алғашқы 100 гектардан бүгінгі 1090,2 гектарға дейінгі өсу – туған жерге деген сүйіспеншілігін еңбегімен дәлелдеп келе жатқан еңбекқор жандардың ортақ жетістігі.



