Қадірменді, ұлт ұясы – Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді халық шығармашылығының республикалық дәстүрлі 34-ші «Ұлытау үні» фестиваліне шақырамыз!
Бұл фестиваль – Арқа өңірінің брендіне айналған, кіл мықты өнер саңлақтары бас қосып, талай дүлдүлдің жұлдызы жанатын өнер бәйгесі.
24 қыркүйек пен 26 қырқүйек аралығында өтетін Республикалық фестиваль 24 қыркүйек күні сағат 10:00-де Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында салтанатты түрде шымылдығын ашады.
Ұлттық өнерді ұлықтайтын «Ұлытау үні» фестивалі аясында жазушы, композитор, өнертанушы Илья Жақановтың 90 жылдығына арналған дәстүрлі ән байқауы 24 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында жалғасын табады.
Дәл сол күні, яғни 24 қыркүйек күні сағат 11:00-де Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы Жезқазған қаласындағы «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
25 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтетін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған жыршылар байқауын тамашалауға келіңіздер! Сөз маржанымен бірге сусындайық!
26 қыркүйек күні сағат 14:00-де Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өтетін айтыс өнерінің жанашыры, ақын және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманның 75 жылдығына арналған ақындар айтысында жанкүйер болып, фестиваль жеңімпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаның куәсі болыңыздар!
Ұлттық өнер мен әсем әуен тоғысқан «Ұлытау үні» фестивалінен қалыс қалмаңыз, ағайын!



