Жаңалықтар

Абаттандыру және көгалдандыру жайлы қалалық ортаны қалыптастырады

Іс-шара барысында елорданы абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне маңызды орын берілді. Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек Мемлекет басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, соңғы жылдары қалада шамамен 500 аула мен қоғамдық кеңістіктің абаттандырылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін саябақтарды, скверлер мен бульварларды қоса алғанда, тағы 170-тен астам аула мен қоғамдық аймақты абаттандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптастырылуда. Елорданың түрлі бөліктеріндегі саябақтарды, серуендеу және спорт аймақтарын біріктіретін үздіксіз жасыл бағыт құру көзделіп отыр. Бұл ретте қалалық ортаны дамыту тек сыртқы абаттандыру мәселесі ретінде ғана емес, өмір сапасын арттырудың және азаматтар үшін жайлы жағдай жасаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button