Жаңалықтар

Ұлытау облысы ПД заңсыз граффитиге қарсы жұмыстар күшейтілді

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында Ұлытау облысының полиция департаменті қоғамдық орындар мен ғимараттарды заңсыз граффитимен бүлдірудің алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

 

Соңғы екі күнде облыс аумағында 12 профилактикалық іс-шара өткізіліп, заңсыз граффити салудың 50-ге жуық фактісі анықталды. Аталған жазбалар мен суреттер тиісті орындардан өшірілді.

 

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Жыл басынан бері облыс аумағында 800-ге жуық профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

 

Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.

 

Заңсыз граффити салудың алдын алу және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар Ұлытау облысы полициясының тұрақты бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button