Banner
Banner
БастыСаясат
Trending

«Әділет» партиясы медицина қызметкерлеріне Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

«Әділет» партиясының өкілдері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндірді.

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, саланы цифрландыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау мәселелері талқыланды.

Жиында сөз алған Алдияр Аубакиров денсаулық сақтау саласының дамуы елдің әлеуметтік әл-ауқаты мен халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше мән берді. Денсаулық сақтау саласында бұл міндеттер ең алдымен сапалы медициналық көмекті уақытылы көрсету, аурулардың алдын алу, заманауи технологияларды енгізу және білікті мамандарды қолдаумен тығыз байланысты. Сондықтан белгіленген бастамаларды жүзеге асыруда медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен ұсыныстары маңызды рөл атқарады, – деді Алдияр Аубакиров.

Кездесу соңында медицина саласының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде партия өкілдері Жолдауда көтерілген бастамаларды түсіндіру және қоғаммен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button