КӨЛІК-ЛОГИСТИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Көлік инфрақұрылымын дамыту – өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, сауда мен өндірістің өркендеуіне жол ашатын маңызды бағыт.
Ұлытау облысының географиялық орналасуы оның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта өңірде Қызылорда–Жезқазған, Жезқазған–Қарағанды бағыттарындағы автомобиль жолдарын жаңғырту және Ұлытау–Арқалық жолын дамыту жұмыстарына басымдық берілуде.
Сонымен қатар Жезқазған қаласының әуежайын жаңғырту, теміржол қатынасын жетілдіру және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мәселелері де маңызды.
Сапалы жол мен тиімді логистика – кәсіпкерлікке қолдау, инвестицияға мүмкіндік және тұрғындарға қолайлы жағдай.
Ұлытау – елдің көлік байланыстарын дамытудағы маңызды өңірлердің бірі!
#ҰлытауОблысы #КөлікЛогистика #ЖолИнфрақұрылымы #ӨңірДамуы



