Banner
Banner
Жаңалықтар

Ұлытау облысында мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыланды

2026 жылғы 29 қарашада Ұлытау облысында мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Дауыс беру науқаны штаттық режимде, қоғамдық тәртіп бұзушылықтар мен төтенше жағдайларсыз ұйымдастырылды.

 

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Облыс бойынша барлығы 127 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның ішінде 4 жабық сайлау учаскесі болды.

 

Дауыс беру күні барлық қажетті ұйымдастырушылық жұмыстар қамтамасыз етілді. Сайлау учаскелерінде тиісті қызмет өкілдері кезекшілік атқарып, қоғамдық бақылау жүргізілді. Жалпы, сайлау күні тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті.

 

Осылайша, Ұлытау облысында сайлау науқаны заңнама талаптарына сәйкес өткізілді. Өңір тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button