Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық желілерде таралып жатқан видеоға байланысты келесіні хабарлайды:
2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды”,- деп жазылған хабарламада.