Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 мамырдағы доллардың ресми бағамы 436,85 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 431,13 теңге, сату – 436,63 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алынып, 435,00 теңгеден сатылуда.