БастыҚоғам

Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзарды

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзартты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

“2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты”, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Таяуда Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі бір айға ұзарған еді.

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталғаны 13 наурызда белгілі болған еді. Ол “Қазақтелеком” АҚ-да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен қамауға алынған болатын.

Гүлмира Сатыбалды да тұтқындалып, бизнесті рейдерлік басып алуға, сондай-ақ 747 миллион теңге жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button