COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК 14 мамырға арналған Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректермен бөлісті. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
14 мамырда коронавирус инфекциясының бес жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
- Алматы қаласында – 4.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636-ға жетті.
Қазақстанда 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 15,
- Алматы қаласында – 155,
- Шымкент қаласында – 15,
- Ақтөбе облысында – 2,
- Алматы облысында – 3,
- Шығыс Қазақстан облысында – 3,
- Батыс Қазақстан облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 1,
- Қызылорда облысында – 1,
- Маңғыстау облысында – 57,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5.
Елімізде барлығы 1 291 748 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.