Алматы облысының Текелі қаласында батпақ селдің ағуы кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыз өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
“15 мамырда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД “Багира” атты қызметтік итімен Алматы облысының Текелі қаласында лай массасының ағуы кезінде қаза тапқан 2016 жылғы қыздың денесі үйінді астынан табылды”, – деді ведомство өкілдері.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кеткенін жазған болатынбыз.