БастыҚоғам

Өз еркімен келген: Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз табылды

“Батыс” өңірлік қолбасшылығы жоғалып кеткен сарбаз Бағлан Әділбековтың табылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі InAktau.kz басылымына сілтеме жасап.

14 мамыр күні патрульдік-бекеттік қызметін атқарып жүрген сарбаз әскерилер жиналатын орынға келмеген.

17 мамыр күні сарбаз табылды, ол полицияға өз еркімен келген.

“17 мамыр күні сағат 07:15 шамасында №6656 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Әділбеков Б.Б. өз еркімен Ақтау қаласы полициясының тіркеу пунктіне келді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button