18 мамыр күні түнде Щучинскте базардан өрт шықты. Жалынды 97 өрт сөндіруші өшірген. Өрт салдарынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өрт таңғы 04:50 шамасында “Жомарт” базарындағы жеке ғимараттан басталған.
“Жалын 1 700 шаршы метрді шарпыды. Ғимараттың жалпы ауданы – 3 000 шаршы метр. Өрт сөндірушілер отты 45 минутта ауыздықтап, таралып кетуіне жол бермеді. Екі сағаттан кейін өрт толық сөндірілді”, – делінген Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Өрт сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол күзетші болып жұмыс істеуі мүмкін.
Қазір өрт орнында сынақ-өрт техникалық қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.