Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
“Өкінішке қарай, 43 жастағы күзетші, 42 жастағы жұмысшы мен 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды”, — делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.
“Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылуда”, — деді министрлік.