БастыДенсаулық

Алматыда аммиактан уланып, жансақтау бөліміне түскен үш науқастың екеуі палатаға ауыстырылды

Алматыдағы «Шин-Лайн» компаниясының цехында төгілген аммиактан бес адам уланып, ауруханаға түскен болатын. Бүгін жансақтау бөлімінде жатқан екі науқастың беті бері қарап, палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды degeneken.kz

Бүгінде үш науқас токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайлары орташа ауырлықта, тұрақты.

Бір науқас әлі жансақтау бөлімінде. Палатаға ауыстыруға дайындық жүріп жатыр, – деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 7 маусым күні таңертең Алматыдағы балмұздақ зауытының 5 жұмысшысы аммиактан уланып, ауруханаға түскен болатын.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button