БастыСпорт

Қазақстандық велошабандоз Италиядағы велокөпкүндікте үшінші орын алды

Қазақстандық велошабандоз Вадим Пронский Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігінде үшінші орын алды, деп хабарлайды degeneken.kz Astana Qazaqstan Team командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вадим Пронский мәресі Монте-Граппа шыңына белгіленген жарыстың таудағы кезеңінде үшінші орын алып, жалпы есепте жүлделі орыннан көрінді.

Қазақстандық спортшы италиялық «Адриатика-Ионика» велокөпкүндігінің ақтық кезеңінде екінші жыл қатарынан үздік үштікке еніп отыр.

Astana Qazaqstan Team командасы жарыстың соңғы екі кезеңінде жеңіс үшін бар күшін салды. Кеше Антонио Нибали алдыңғы топтан қара үзбей, алтыншы болып келді. Бүгін Мануэле Боаро жеңіс үшін күресті жалғастырып, төртінші болып мәре сызығын кесті.

Вадим Пронский Astana Qazaqstan Team командасының қолдауымен ақтық кезеңде нәтижені өз пайдасына шешу үшін жарыстың соңғы үш кезеңінде үнемі шабуылдаумен болды. Алайда үздіктерден озу мүмкін болмады және қорытынды есеп өзгеріссіз қалды: италиялық Филиппо Зана жарыс жеңімпазы болды, Натнаэль Тесфатсион екінші келді, ал Вадим Пронский үздік үштікті түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button