БастыДенсаулық

АҚШ-қа келетін жолаушылардан енді коронавирусқа тест талап етілмейді

Алдағы жексенбіден бастап АҚШ-қа ұшып келген жолаушылардан COVID-19-бен ауырмайтыныңызды растайтын анықтама талап етілмейді. Тап осындай талап Канада, Ұлыбритания мен өзге де бірқатар мемлекеттерде енгізілген, деп хабарлайды degeneken.kz BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ коронавируспен күреске бағытында үлкен жетістікке жетті. Ел биілі тест тапсыру талабын алып тастауға осы жағдай себеп болып отырғандығын айтады. Сонымен қатар тесті алып тастауды туризм индустриясының өкілдері талап еткен. Өйткені елге келер алдында тест тапсыру талабы туристер үшін үрей тудырады. Олар тест үшін шекарада қалып қоюымыз мүмкін деп қорқады. Тест жексенбі, 12 маусымнан бастап алынады.

Аурулардың алдын алу мен қадағалау орталықтары бұл саясатты 90 күннен соң қайта талқыға салмақ.

Билік өкілдері елде вирустың жаңа штамдары табыла қалса, тестілеуді қайта енгізу еш қиындық тудырмайтынын айтады.

2021 жылдың қаңтарынан бастап, АҚШ-та авиажолаушылардан ұшаққа отырардан 3 күн бұрын коронавируспен ауырмайтынын немесе одан құлан-таза айығып кеткенін растайтын анықтама талап ету ережесі енгізілді.

Президент Джо Байден 2021 жылдың желтоқсанында бұл талапты күшейтті. Енді анықтаманы ұшаққа отырарға 24 сағат қалғанға дейін өткізу қажет болған. Бұған «Омикрон» штамы пайда болып, вирус жұқтырушылар санының артуы себеп болған.

Қазір АҚШ-қа келгісі келетін шетелдіктер вакциналанған болуы керек. АҚШ-та вирус таратушылар саны 2022 жылдың қаңтарынан бастап, азайды. Дегенмен соңғы уақытта ауру жұқтыру көрсеткіші арта түсті.

Қазір елде коронавирустан қайтыс болып жатқандар саны пандемияның шарықтау шегіне жеткен кездегіден әлдеқайда төмен.

Осыған дейін әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 2020 жылдың көктеміндегі көрсеткіш деңгейіне түскені хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button