БастыҚоғам

Атырау тұрғындары қаптаған маса кесірінен көшеге шығудан қалған

Қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінді. Алты бригада дезинфекциялау жұмыстарымен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығаруға тура келді, деп хабарлайды degeneken.kz

Кешке көшеге шықсаңыз, масаға таланбай қайтуыңыз мүмкін емес, деп шағымданады Атырау тұрғындары.

Жадыра есімді тұрғын көшеге қажет болған жағдайда ғана шығатынын айтады.

Балаларды сыртқа шығармаймыз, төрт қабырғаға телміріп қарап отырады, қайтеміз енді, әйтпесе масаға таланады. Бұл мәселені шешуге болмайды ма? Жыл сайын осы бір қырқыс. Қаражат жеткіліксіз болса, көбірек бөлсін, адамдарға серуендеп, бой жазып, демалуына мүмкіндік берсін, – деді Жадыра

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінген.

Дезинфекция жөніндегі іс-шаралар бірінші кезекте қаладағы 1100-ден астам көп пәтерлі үйлердің жертөлелері мен кіреберістеріне, балалар алаңдары мен автобус аялдамаларына, саябақтарда, сондай-ақ қала маңындағы ауылдарға қатысты жүргізіледі.

Қазіргі уақытта масалардың көбеюіне байланысты жәндіктермен күресу үшін шұғыл шаралар қабылданды, бұрын қолданылған химикаттар басқасымен ауыстырылды. Алты бригада дезинфекциямен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығарайық деп отырмыз, – деді Атырау қалалық әкімдігі

Сондай-ақ, әкімдіктегілер тендер бойынша масалар мен шыбын-шіркейлердің көзін жоятын мердігер анықталып қойғанын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button