БастыЖаңалықтарЭкономика

АҚШ-та бензин бағасы тарихи рекордты бұзды

АҚШ-та бір галлон (3,785 литр) бензиннің орташа құны алғаш рет бес доллардан асып, тарихи рекордты жаңартты. Мұндай деректерді америкалық автомобиль қауымдастығы келтірді, – деп хабарлайды degeneken.kz РБК сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бірқатар штатта бір галлон бензин айтарлықтай қымбат. Мысалы, Калифорнияда орташа баға – 6,43 доллар. Ең арзаны – Джорджияда (4,67), Миссисипи мен Арканзаста (4,52), сондай-ақ, Луизианада (4,53).

Америкалық БАҚ мәліметінше, бес долларға қымбаттауы инфляцияны есепке алмағанда ғана рекорд көрсеткіш саналады. Бензин 2008 жылғы шілдеде инфляцияны есепке алғанда, тарихта ең қымбат бензин болған (4,11 доллар, бұл бүгінгі 5,4 долларға тең).

Автокөлік жүргізушілері қауымдастығы өкілі бензин қымбаттауына бірнеше фактор барын айтты.

Біріншіден, АҚШ тұрғындары мамырдың соңғы дүйсенбісінде атап өтілетін еске алу күнінен аздаған уақыт бұрын және еске алу күнінен біраз уақыттан кейін ұзақ көлік айдайды.

Екіншіден, Ресей энергетикалық секторына қарсы санкциялар аясында әлемдегі мұнай бағасы қымбаттап жатыр.

Үшіншіден, АҚШ-та пандемия кезінде мұнай өңдеу қуаты төмендеді, кейбір кәсіпорындар әлі де жабық.

Ақ үйде бензин бағасы мен азық-түлік бағасының өсуін Ресей президенті Владимир Путиннің әрекеттерімен байланыстырып отыр. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ Ресей мұнайы мен газын импорттауға тыйым салған болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button