Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуге өтінім дайындады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей президентінің ШЫҰ жөніндегі арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлім етті, деп хабарлайды degeneken.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
8-і күні Беларусь СІМ бас басқармасының бастығымен консультация өткіздім. Ол Беларусь тарапы оларды ШЫҰ-ға жедел қабылдауды сұрайтынын және ұйымға өтініш беру бойынша президентке ұсыныс дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өтініш ведомствоаралық форматта әзірленіп, оны республиканың Министрлер кабинеті мақұлдаған, – деді Хакимов Ташкентте өтіп жатқан ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысында.