БастыСаясат

Мәжіліс жанынан сарапшылардың Қоғамдық палатасы жұмыс істейді

Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін қатыстыратын Қоғамдық палата өз жұмысын бастамақ. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Ұлттық құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлық алаң. Құрылтайда көтерілетін барлық мәселелер халық, қоғам ішінен шығып жатуы шарт. Жұртты алаңдатқан, қарапайым халықтың жанына батқан әрбір кешенді мәселе ең алдымен аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерде жіті талқыланып, саяси формулалар мен құжаттарға айналып, болашақта Құрылтайдың күн тәртібіне енгізген жөн деп есептейміз. Сонымен қатар, керісінше, Құрылтайда талқыланған идеялар мен бастамалар Парламентте, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер алаңдарында ашық, айқын талқыланып, қоғамға жеткізіліп отыруы аса маңызды. Осы мақсатпен таяу күндері Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін қатыстыратын Қоғамдық палата өз жұмысын бастамақ, – деді Е. Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысыөтіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button