Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі алдындағы баспасөз конференциясының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды degeneken.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Boxinginsider.com хабарлауынша, «GGG» және «Канелоның» алғашқы баспасөз конференциясы 24 маусымда Лос-Анджелесте өтуі тиіс. Ал екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Бұған дейін бірнеше ақпарат көздері жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena болатынын хабарлаған еді.
Боксшылар бұған дейін екі кездесу өткізді. Алғашқыда екеуі тең түссе, екінші кездесуде жеңіс Сауль Альварестің еншісіне жазылды.