2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы ақшалай шығыстары үй шаруашылығын зерттеуге сәйкес 219 655 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 16,7%-ға жоғары, деп хабарлайды degeneken.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша шығындар құрылымы келесідей:
91,9% тұтынушылық шығындар:
-
-
- азық-түлік тауарлары – 109 865 теңге;
- азық-түлік емес тауарлар – 53 156 теңге;
- ақылы қызмет көрсету – 38 756 теңге.
-
Шығындар құрылымында 1,8% туыстары мен жақындарына материалдық көмек көрсету, алимент өндіру.
-
-
- 0,2% – салықтар, төлемдер және басқа төлемдер;
- 6,1% – несие мен қарызды өтеу.
-
Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ақшалай шығыстардың ең көп мөлшері Алматы қаласына тиесілі – 319 565 теңге, бұл республикалық көрсеткіштен 1,5 есеге жоғары.
Жан басына шаққандағы ақшалай шығыстардың ең төменгі деңгейі Шымкент қаласында тіркелді – 158 179 теңге, бұл республикалық деңгейден 1,4 есеге төмен.