Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін Катар экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды degeneken.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Доха қаласына Катар Әмірінің жеке шақыруымен келді.
Қазақстан президенті Катар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді.
Форум тақырыбы – «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу».
Бұған дейін президент Иранға ресми сапармен барып, Иран президенті Ибрахим Раисимен келіссөздер жүргізген болатын.