БастыЖаңалықтар

23 маусымда өтетін маңызды шаралар

degeneken.kz 23 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қаралады.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10:00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana – 2022 халықаралық көрмесі басталады.

11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де Ұлттық кітапхана ғимаратында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччи арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

14:30-да ҚР Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ІІМ-нің «Ашық есік күні» өтеді.

19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button