БастыЖаңалықтар

Қазақстандық жекпе-жек шебері UFC-де Жұмағұловты ұтқан спортшыны тізе бүктірді

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол бразилиялық Раулиан Пайвамен бақ сынасты, деп хабарлайды degeneken.kz

Кездесу үш раундқа созылды.

MMA Junkie сарапшыларының пікірінше, бірінші раундта бразилиялық мықты болды. Алайда қалған екі раундта Морозов басым түсті. Төрешілер есебінде де осы ескерілді: үш арбитр да жеңісті 29:28 есебімен қазақстандыққа берді.

Осылайша, Сергей Морозов карьерасында 18-рет жеңіске жетті, одан бөлек бес жеңілісі бар. UFC-де екі рет жеңіп, екі мәрте жеңілген.

Ал Пайваның рекордында 21 жеңіс пен бес жеңіліс бар. Пайва бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген еді.

33 жастағы Ақтөбе тумасы үшін бұл UFC аясындағы төртінші жекпе-жегі.

Осы турнирде Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрланбек америкалық Ти Джей Браунмен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрланбектің жеңісімен аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button