БастыЖаңалықтар

Қазақстандықтар жиі ұшатын болды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% көп, деп хабарлайды degeneken.kz

Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5 877,1 млн километр болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары, – деді Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, ұшаққа жиі мінетін әуе жолаушыларының негізгі үлесі Алматыға тиесілі – 2,5 млн жолаушы.

Кәсіпорындардың жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірісі 157 650 миллион теңге болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button