Қоғам

Манкенттіктер аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізді

Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Манкент ауылдық округіндегі бірнеше нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.

Аралау барысында тұрғындарды электр жарығы мен инфрақұрылым жүйелерімен қамту, сонымен қатар жолдарды күрделі және орта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жаңа-Шахар көшесінде трансформатор орнатуға 3526,5 мың теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «ЮжКазСпецПроект» ЖШС-і тарапынан орнату жұмыстары атқарылды. Қуаты 250 кВт. Көше бойына 5 дана электр бағаналары орнатылған.

Жұмысы 2022 жылдың 7 маусымында басталып, 21 маусымында аяқталған. Бүгінгі таңда 220 ауладағы үй тұрғындарына электр жарығы жеткізілуде.

Аталған көшеің жолы орта жөндеуден өтті. Тапсырыс беруші – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жөндеу жұмыстарына 24 млн. теңге қаражат жұмсалған. Мердігер «Теміртас» ЖШС-і биыл мамыр айында бастап, 15 күн ішінде жұмысын аяқтап, халықтың игілігіне тапсырды. Орта жөндеуден өткен жолдың ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды.
Әбдіқадіров көшесінде жер көлемі 9 гектар аумақты құрайтын Жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүйелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Аумаққа 4 дана 160 кВт КТП орнатылған. Осы жұмыстармен қатар, 4,8 шақырымға электр және газ жүйелері тартылған. Бүгінгі таңда аумақтағы көшелердің жолдары күрделі жөндеуден өтуде, сондай-ақ жолаяқтары аяқталу үстінде. 2022 жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстары аяқталған соң, пайдаланысқа тапсыру жоспарлануда. Осы аумақта 68 үй орналасқан.

Аралау соңында ақсақалдар аудан әкіміне өз батасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button