Меморандум арқылы 55 мың гектарға жуық жер жайылымға беріледі

Бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекен маңындағы ортақ мал жайылым жерлерді ұлғайту бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда аудан аумағындағы жер пайдаланушылардың егістік жерлері егіннен босағаннан кейін ауыл тұрғындарының малдарын жаюға келісімдер алынып, бүгінгі күнге 54 589 га жерге меморандум жасалынды. Ендігі кезекте егіннен босаған аумақтарда ауыл тұрғындары кедергісіз мал жаюға мүмкіндік алып отыр.
Сонымен қатар ағымдағы жылы аудан бойынша 3219 га жер учаскелері ауылдық округтердің қосымша ортақ жайылымдарына берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қосымша 1000 гектарға жуық жер учаскелерін ортақ пайдаланудағы жайылымға беру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетсек, қазіргі таңда аудан аумағындағы 71 елді мекендердің жер-шаруашылық жоспарларына сәйкес барлығы 28 262 гектар жер ортақ жайылымға бекітілген. Елді мекендердегі ортақ жайылым жерлерді ұлғайту бойынша жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауымен тұрақты түрде жалғасатын болады.



