banner
Жаңалықтар

Түркістандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды

Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан жүзу құрамасының өкілі Аделаида Пчелинцева чемпион атанды.
Ол брасс әдісімен 50 метрге жүзуде қашықтықты 31,71 секундта бағындырды. Чемпион атанып қана қоймай, Исламиаданың рекордын орнатты.
Аделаида – Түркістан облысындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ-нің спортшысы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкерлері – И.Гусаков, С.Осниский, Ж.Шалдарбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button