Спорт

Түркістан: Түркістандық параспортшылар жеңіспен оралды

Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті зақымданған спортшылары командалық есепте 1 орын алды. Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар Түркістанға оралды. Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған “Сауран” спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер күтіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button