Түркістан: Сайрамда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

“Алтын алқа” жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.
Ескертейік, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.
Алты баласы бар аналарға “Күміс алқа” беріледі.
2
Тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі деген ақпарат рас па?
Рас. «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Заңының 36-бабында көрсетілген.
«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
3
“Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелеріне жәрдемақы төлене ме?
Төленеді. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй шығындарын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.
ҚР Заңына сәйкес:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.
4
Алқа иелері қандай салықтардан босатылады?
“Батыр ана” атағын алғандар, “Алтын алқа”, “Күмiс алқа” алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.
5
Басқа қандай төлемдерден босатылады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төлемдер мен аударымдар бар болған жағдайда МӘМС жүйесінде азаматтардың медициналық көмекті алуға құқығы бар. Ал бұл төлемдерді аудармай-ақ көмек ала алтын тұлғалар қатарына:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар кіреді.
Сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иелері жеке куәліктерін жоғалтып алған жағдайда, мемлекеттік баж салығынан босатылады.
6
“Алтын алқа”, “Күміс алқаны” сатуға бола ма?
ҚР орденін, медалін және құрмет белгісіне марапаттау белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де ақылы қайтару, сондай-ақ мемлекеттік марапаттарға қатынасы бойынша өзге де заңсыз әрекеттерді жасау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеледі.
7
Алқа иелері зейнетке ерте шыға ма?
Иә. 2018 жылдан бастап әйелдер 58,5 жастан бастап зейнетке шығады. Алайда:
5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
8
“Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелері тегін дәрі-дәрмек беріле ме?
“Алтын алқа”, “Күміс алқа” иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:
Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
Артериялық гипертензия;
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
Остеоартроз.
9
Алқаларды жоғалтып алған жағдайда не болады?
Алқаларды және олардың құжаттарын жоғалтқан жағдайда, марапатталғандар өздерінің марапаттарға құқықтарын сақтайды.
ҚР мемлекеттік марапаттарына лайықты тұлғалар олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- Қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қосымшаға сәйкес нысан бойынша көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.
- “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көпбалалы ана атағын алғандығын немесе марапатталғанын растайтын құжат.
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.
Проактивті қызмет арқылы:
- Жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (тұру фактісін растау үшін), “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы ананың марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжатты, сондай-ақ банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сауалдарына сәйкес тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі
Сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет тұратын мекенжайы бойынша электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньға қою мүмкін.



