Жаңалықтар

Яссы секторындағы берілген тапсырманың 35-і орындалды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуі «Яссы» секторында жалғасты.
✅ Бұл тұрғын алабында жыл басынан бері көтерілген өзекті 47 мәселенің 35-і “жасалды”, 7-уі “жасалуда”, 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.
✅ «Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді.
✅ Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.
✅ Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
✅ Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
✅ Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button