Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы

14 қазанда сағат 11.00-де Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы көшесі, «Diamond» тойханасында өтеді, ал облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 14 қазанда сағат 12.00-де Ақсукент ауылы, «Diamond» тойханасында өтеді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 14 қазанда сағат 16.00-де Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205, аудандық мәдениет үйінде өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 14 қазанда сағат 17.00-де Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201, аудан әкімдігінің конференц залында өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы
13 қазанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button