БастыЖаңалықтар

Нұрлан Әуесбаев ЖСДП атынан президенттікке ұсынылды

Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке ұсынылды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Мұндай шешімді партия мүшелері 1 қазан күні кезектен тыс съез барысында қабылдады. Үміткер үш үміткердің арасынан таңдалды.

«Съезд Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылдады», – деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.

Айта кетейік, бұл соңғы 16 жылдағы ОСДП-дан президенттікке бірінші үміткер. 2019 жылы партия президенттікке кандидат ретінде журналист Ермұрат Бапиді ұсынбақ болған. Алайда, кейін сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылданған.

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ол партияның астаналық филиалының жетекшісі. Білімі жоғары, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. Ұзақ жылдар әкімдіктерде түрлі қызметтер атқарған.

ОСДП 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған Қазақстандағы оппозициялық бағыттағы саяси партия.

Басқа жаңалықтар

Back to top button