БастыЖаңалықтар

Талдықорғанда қарт әйелді көлік қағып кетті

Жол апаты 1 қазанға қараған түні Талдықорған маңынан өтетін Алматы-Өскемен автожолында орын алды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше, 65 жастағы Toyota Hiace жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен.

«Болжам бойынша әйел 60-70 жаста. Жүргізушінің айтуынша, азаматша жол бойында отырған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Полицейлер қайтыс болған адамның жеке басын анықтауда», – деп жазды ведомстводан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button