БастыЖаңалықтар

Қарағанды жатақханасында студент курстасын өлтірді

Оқиға өткен жылдың қазан айында болды. 17 жастағы жігіт оқу орнында екі студентке пышақ салған. Олардың бірі кейінірек көз жұмды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі patriot_patriot Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жанжалға жеке араздық себеп болған. Үш студент те бір курста оқыған және олардың арасында қақтығыстар болып тұрған. Алайда сотта да, оқу орындарында да студенттер арасында нақты не болғанын айта алмады.

22 қазанға қараған түні 17 жастағы студент пышақ алып, курстастары ұйықтайтын бөлмеге барған. Ол аяғымен құлыпталған есікті теуіп, бөлмеге кірген. Жігіт екі қабатты кереуеттің төменгі жағында ұйықтап жатқан студентке пышақ ұра бастаған. Ол қарсылық көрсете алмаған. Кейін жас жігіт басқа бөлмедегі екінші құрбанға барады. Ол жігітке де бірнеше рет пышақ жарақатын салып, өз жататын орнына кетіп қалады. Алайда күдікті оқиға орнынан полицияның келгенше қашып кетпеген.

Зардап шеккендердің бірі екі ай бойы реанимацияда жатып, 24 желтоқсанда көз жұмды.

Сот студентті ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі «кісі өлтіру», ҚК-нің 24-99-бабы «кісі өлтіруге оқталу» және ҚК-нің 149-бабы «тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп тапты. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған студент жәбірленуші тараптардың бірінің пайдасына студент 5 миллион теңге, екінші отбасы 10 миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы төлеуге тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button