БастыЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанда кейінгі тәулікте 39 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 39 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
“23 қазандағы мәлімет бойынша, 944 адам коронавирус инфекциясынан (–789+ және 155 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 97 пациент стационарда, 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр”, – делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.