БастыЖаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирусты 50 адам жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны аздап болса да өсіп келеді. Өткен тәулікте вирусты 50 адам жұқтырды. Ал алдыңғы күн олардың саны 45 адам болатын, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің 30 қазандағы мәліметі бойынша, осы уақытта елде 832 адам коронавирус инфекциясынан (–684+ және 148 КВИ-) ем алып жатыр.

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 755 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ осы уақытта 10 842 875 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 841 адам II компонентін салдырды. Ревакцинациялан,андар саны – 5 607 772.

Басқа жаңалықтар

Back to top button