БастыЖаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,98 теңгеге көтеріліп, 467,00 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 28 қазандағы ресми бағамы – 471,32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 470,70 теңге, сату – 475,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,76 теңгеден сатып алынып, 473,88 теңгеден сатылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button